Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Федералды сауда келісімдері жөніндегі кеңестің уәкілдері Эрвин Боллингер және Маркус Шлагенхоф пен Үкіметаралық комиссияның 10-отырысының қорытынды хаттамасын іске асыру барысын талқыладық.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Өкінішке қарай, біздің хаттамамыздың көптеген тармағы пандемия мен локдаундарға байланысты орындалмады. Ковид жалпы біздің өзара саудамызға кері әсерін тигізді – Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 8 айда 20%-ға қысқарды. Оның үстіне мұның негізгі себебі мұнай бағасының құлдырауы болды (біз шикі мұнайды Швейцарияға экспорттаймыз): экспорт тоннажда өсті, ал бағасы төмендеді. Ал Швейцариядан келетін импорттың өсуі Қазақстанға ковидке қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің артуы есебінен болды, - деді ол.
Министрдің айтуынша, Швейцария ҮАК тең төрағасы Боллингер мырзаға 40 тауардың (274,9 млн АҚШ долл.) өзектендірілген тізбесі ұсынылды. Оны Қазақстан Швейцария нарығына қосымша жеткізе алар еді. Бұл мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия өнімдері және құрылыс тауарлары болып табылады.
Алайда біз экспорттан басқа өндірістік кооперация мен технологиялар трансфертіне аса мүдделіміз. Бір жыл ішінде осы бағытта қалай ілгерілегеніміз туралы (ал ілгерілеулер бар және жаман емес) бизнес өкілдерімен кездесулердің қорытындылары бойынша кейінірек айтып беремін, - деді Сұлтанов.
Екі құжаттың жобаларын (Бағалы металдардан жасалған бұйымдарға сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісім және Қызметтер саудасын ішкі реттеу қағидалары жөніндегі хаттама) тез арада келісуді аяқтауға уағдаласқан. Алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар аясында оларға келесі жылы қол қоюды көздеп отыр.
Қазақстанда REX (тауарлардың шығарылуын растау бойынша экспорттаушылар сертификаттарын электрондық форматқа ауыстыру) жүйесін енгізу бойынша жұмысты аяқтау мәселелері талқыланды. Қазақстандық сарапшылар үшін оқыту семинарын өткізу туралы келістік, - деді министр.
Сондай-ақ ол Халықаралық саудадағы жағдай туралы пікір алмасқанын жеткізді.
Биыл Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-Министрлік конференциясы Қазақстанда өтуі тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты өткізілмей кейінге қалдырылды. Енді біз Ұйымның жаңа Бас директорын сайлауды мұқият қадағалаймыз. Оған (қазір осы лауазым үшін екі үміткер күресуде) ауыр жүк артылады: әлемдік сауданың өзгеруі жағдайында жүйенің қажетті реформаларын жүргізіп, сауда дауларын реттеу жүйесін дағдарыстан шығару. Ең бастысы - ДСҰ беделін қалпына келтіру. Давос форумының тақырыбы қозғалды. Елші Шлагенхоф оның форматы мен өтетін орнының өзгергені туралы айтты. Мәліметтер, әрине, әлі де зерттелуде, бірақ биыл Форум Давоста емес және мамырда өтеді деп айтуға болады, - деді Бақыт Сұлтанов.