Швеция қоқысқа зәру болып отыр

20 Тамыз 2020, 06:45
3455
Бөлісу:
Швеция қоқысқа зәру болып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швеция басқа мемлекеттерден қоқыс сатып алмақшы, деп хабарлайды Алтайньюс.

Әлем халықтарын әуреге салған қоқыс мәселесі Швецияда жоқ екен. Өйткені қоқыстың 99%-ын қайта өңдеуге жіберетін олар енді қоқыс таба алмай отырған көрінеді. Елдегі басты мәселе де осы. Өйткені Стокгольмдегі электроэнергияның 45%-ын  қоқыс қамтамасыз етеді.

Швецияда әр отбасында 7 қоқыс жәшігі бар. Мәселен, бір жәшікке тек қана қағаз салса, екіншісіне шыны дегендей кете береді. Тіпті балабақша мен мектептерде қоқысты тастауды үйретеді.

Шведтер қоқысқа тасталған бір бөтелкеден жетеуін жасап шығарады.

Ал қоқысты өңдеу кезінде атмосфераның ластануы 1%-дан да аз көрсеткішке ие.

Айта кетейік, Швецияға Норвегия мемлекеті жылына 800 мың тонна қоқыс жібереді екен.

 



Өзгелердің жаңалығы