Шудағы шу. Мешіт зорлаушы имамның көмекшісі екенін жоққа шығарды

13 Мамыр 2022, 15:05
2764
Бөлісу:
Шудағы шу. Мешіт зорлаушы имамның көмекшісі екенін жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша баспасөз қызметі Шу ауданында болған  оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Күні кеше Шу ауданында болған сұмдық оқиғаны естіп жүрегіміз сыздады. Сонымен қатар бұл азғынды мешіт имамының көмекшісі депті жаңалықтарда. Алайда зорлықшы Шу ауданы, Бірлік ауылының  1992 жылы дүниеге келген, еш жерде жұмыс жасамайтын ауыл тұрғыны мешітке кейде келіп жүргені болмаса, мешіттің діни рәсімдеріне қатысы жоқ. Жамбыл облысында мешіт қызметкері ретінде тіркелмеген, - делінген хабарламада. 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті БАҚ-тың жоғарыда аталған ауыл тұрғынын мешіт көмекшісі деп айтқаны шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді. 

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл 23 қазанда жарық көрген «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» басылымында "мешіт көмекшісі" деген лауазым жоқ екені белгілі. Мешітке түрлі адамдардың келіп-кететіні баршаға мәлім.

Айта кетейік, Жамбыл облысында Шу ауданында 9 жастағы екі баланы ұзақ уақыт зорлап келген.Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі баланы ұзақ уақыттан бері зорлап келген. 

Өзгелердің жаңалығы