Шуда 5,6 тонна жаңа шабылған қарасора тәркіленді

7 Қараша 2023, 16:01
697
Бөлісу:
Шуда 5,6 тонна жаңа шабылған қарасора тәркіленді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігі «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Полицейлер жабайы қарасора өсетін ареол ретінде танымал болған Шу алқабына ерекше назар аударды. Оның жалпы ауданы 148 мың гектардан асады. Шу алқабын зерттеуге жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрып, ақшалай қаражат бөлген. Комиссияның зерттеу нәтижелеріне сәйкес оның белсенді аймағы екі есе азайған.

Шу ауданында 15 жылдан астам «Дельта-Долина» өңіраралық бөлімі әрекет етеді. Бұл бөлім жеткілікті штаттық санмен, қажетті материалдық базамен қамтамасыз етілген, бұл қашықтағы жер учаскелерінде дербес, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық және арнайы құралдармен қызмет етуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шара кезінде «Дельта-Долина» ІІМ, Ұлттық Ұлан және Қорғаныс министрлігінің бөліністерімен күшейтіледі. Жамбыл облысының Шу ауданының өзінде есірткі әзірлеушілерден 5,6 тонна жаңа шабылған қарасора, 1,4 тонна тұтынуға дайын кептірілген марихуана, сондай-ақ 36,5 келі гашиш тәркіленді.

Жабайы қарасораны өсіру және жинау орындарын барлау кезінде Ұлттық гвардия тікұшақтары мен Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы жүргізілетін әуе барлауы өзін жағымды жағынан көрсетті. Оларды қолдану әдетте заңсыз қарасора дайындалатын құм алдындағы аймақтардың қолжетімділігі қиын жойылған орындарын тексеруге мүмкіндік береді, - деп айтты полицей брифингте.

Өзгелердің жаңалығы