Шу тұрғынынан 160 келіден астам есірткі тәркіленді

21 Сәуір 2022, 21:17
1414
Бөлісу:
Шу тұрғынынан 160 келіден астам есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу тұрғынынан 160 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

19 сәуірде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. 

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында үйінің шатырынан жалпы салмағы 161 келіден астам “кептірілген марихуана” есірткі заты бар 8 қап тәркіленді. Осылайша, есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесілді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары аясында осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
 

Өзгелердің жаңалығы