Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі заты тәркіленді

19 Қаңтар 2021, 22:04
1222
Бөлісу:
Шу ауданының тұрғынынан 27 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты, 210 грамм «гашиш», сондай-ақ 17 келі 480 грамм марихуана тұқымы салынған 14 пластикалық ыдыс пен қаптар табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Өзгелердің жаңалығы