Шу ауданында полиция қызметкерін пышақтап кетті

10 Маусым 2021, 07:47
1542
Бөлісу:
Шу ауданында полиция қызметкерін пышақтап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданында тұрғын учаскелік полиция инспекторына бірнеше пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусымда сағат шамамен 22:50-де Шу ауданының 37 жастағы тұрғынынан Шу аудандық полиция бөліміне шақырту түскен. Әйел азаматтық некедегі күйеуімен арасында жанжал болғанын хабарлаған.

Шақырту бойынша оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы ер адам бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкері Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы