Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 10 наурыз күні Үндістандағы Қазақстан елшілігіне Қазақстан азаматтары хабарласқан.
16 жастағы кәмелетке толмаған ұлы Шри-Ланканың бір ауруханасында жатыр деген ақпарат келіп түсті. Жасөспірім 5 наурыз күні серфингпен айналысып жүріп суға батып кеткен.
Жансақтау бөлімінде 5 күн жатты. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке қарай құтқару мүмкін болмады. Қазір біздің консул баланың ата-анасымен байланыста. Барлық құжаттар рәсмделіп жатыр. Денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуекомпаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, қайтыс болған Қазақстан азаматы 2-3 жылдан бері Шри-Ланкада тұрады.