ШҚУ студенттері қашықтан оқиды
16 Қаңтар, 12:20 712

ШҚУ студенттері қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу семестрі С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері үшін қашықтан басталатын болды. Бұл туралы айтулы оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген хабарлады.

Оның айтуынша, шығыстағы іргелі білім ордасында сабақ 24 қаңтар күні онлайн режимінде басталады. 

Ал 7 ақпанынан бастап аралас оқыту форматында ұйымдастырылады. Дәрістер – онлайн, практикалық және зертханалық сабақтар мен өндірістік тәжірибе офлайн режимінде өтеді. 
Дәрісханаға отырғызу шахмат ретімен жүргізіледі, - деді университет басшысы.

Ректордың сөзінше, оқу ғимараты мен Студенттер үйіне тек ASHYQ қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етіледі.

COVID-19, өкпе немесе басқа вирустық аурулардың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда студенттер өтініш бойынша уақытша қашықтықтан оқытуға көшеді. Кіреберісте күн сайын термометрия қажет! Теріге арналған антисептигі бар санитайзерлер оқу ғимараты мен студенттер үйлерінің барлық аумағында: ғимаратқа кіреберісте, дәліздерде, кабинеттерде, дәретхана бөлмелерінде орнатылған. 1,5 метрлік әлеуметтік қашықтық - барлық жерде қашықтықты сақтау белгілері бар. Білім беру үрдісінің барлық қатысушылары бетперде кию режимін міндетті түрде сақтауы тиіс, - деп отыр Мұхтар Төлеген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...