ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді

25 Мамыр 2022, 07:33
1171
Бөлісу:
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді
VIDEO
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

ШҚО полицейлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында атыс қарулары мен оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған 32 жастағы ер адамды анықтады. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері өз үйінде тапаншадан тұратын тұтас арсеналды, сондай-ақ әртүрлі калибрлі патрондарды сақтаған 32 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

Қаскүнемнің үйін санкцияланған тінту барысында полицейлер МР-79-8 үлгісіндегі газ пистолетінен қайта жасалған пистолетті, WALTHERP газ пистолетін, МР-654К үлгісіндегі пневматикалық өздігінен оқталатын көп оқтаулы газ баллонды пистолетті және СПШ 44 үлгісіндегі сигналдық пистолетті, сондай-ақ 150-ден астам патронды тауып, тәркіледі. Бұл патрондар зауыттық әдіспен жасалған және оқ атуға жарамды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, қаскүнемге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы