ШҚО тұрғыны КВИ-мен ауырып жатқандарға дәрі-дәрмек таратты

20 Шілде 2020, 18:37
1492
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны КВИ-мен ауырып жатқандарға дәрі-дәрмек таратты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жомарт кәсіпкер облыс орталығындағы ауруханалардың біріне гуманитарлық көмек ретінде 45 антибиотик екпесін, 300 қорап дексаметазон және 2 мың дана медициналық маска берді.

"ОптоМед" фармацевтикалық желісінің басшысы Оксана Яблокова өткен аптада компанияға соңғы уақытта сұранысқа ие тапшы дәрі-дәрмектің мол партиясы келіп түскенін айтты.

WhatsApp Image 2020-07-20 at 18.17.26.jpeg

Бізге антибиотиктер, қабынуға қарсы, левофлоксацин, азитромицин, дексаметазон, парацетомол, аспирин, медициналық маскалар келіп түсті. Бұл аталған дәрілік препараттардың барлығы коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қажетті препараттардың қатарынан. Біздің филиалдарда, яғни дәріханаларда осы аталған дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар болғандықтан, коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан науқастарға көмек ретінде біз ауруханаларға көмек көрсетуге шешім қабылдадық, - деді Оксана Яблокова.

ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің айтуынша, шығысқазақстандық кәсіпкерлер осындай қиын сәтте қол ұшын созып, емдеу мекемелеріне көмек көрсетуден тайынбайды. 

Қазіргі уақытта барлық аурухана дәрі-дәрмектердің қажетті қорымен қамтамасыз етілген. Бірақ, бұған қарамастан, біздің бей-жай қарамайтын азаматтар дәрігерлерге қолдау көрсетіп, көмек көрсетуде. Бұл өте қуанышты. Демек, шығысқазақстандық нарық дәрі-дәрмектің жоқтығынан зардап шекпейді. Елімізде орын алған қиын жағдайдан абыроймен шығамыз деп ойлаймын, – дейді ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұргүл Құнапьянова.
Өзгелердің жаңалығы