ШҚО тұрғыны 130 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

20 Ақпан 2024, 17:14
406
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны 130 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Renault Sandero автокөлігінің жүргізушісі патрульдеу кезінде Самар ауылына кіретін жолда ұсталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жалпы салмағы 134 келі болатын 7 қап рипус балығын заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды. Жүргізушінің рұқсат құжаттары болмаған. Келтірілген шығын көлемі 900 000 теңгені құрайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы