ШҚО тұрғындары полицейлерден кеңес ала алады

13 Шілде 2023, 19:17
642
Бөлісу:
ШҚО тұрғындары полицейлерден кеңес ала алады
Фото: BAQ.KZ - архив

ШҚО полицейлері 14-15 шілде күнідері "Жолда қабылдау" акциясын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
 

"Жолда қабылдау" профилактикалық іс-шарасы жұртшылыққа жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын сақтау саласында консультативтік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.

14 және 15 шілдеде облыс аумағында Республикалық акцияның кезекті кезеңін өткізу жоспарланған. Әдетте, халықпен диалог жол қауіпсіздігі бойынша азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді талқылау түрінде жүргізіледі. Кеңес алу үшін облыс тұрғындары мен қонақтары сағат 11:00-де Instagram әлеуметтік желісі (@eastkazpolice) арқылы өтетін тікелей эфирге қатыса алады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мобильді топтар офлайн қабылдауды жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы