ШҚО: Шемонаихада жеке мектептің құрылысы жүріп жатыр

5 Қазан 2022, 04:48
879
Бөлісу:
ШҚО: Шемонаихада жеке мектептің құрылысы жүріп жатыр

Биыл Шемонаиха ауданындағы 6 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюске сілтеме жасап.

Айта кету керек, жалпы ауданда 5190 оқушыны құрайтын 23 мемлекеттік және 1 жеке білім беретін мектеп, 11 балабақша, 1127 баланы қамтитын 14 шағын орталық жұмыс істейді.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі күні Шемонаиха қаласында тағы 250 орындық жеке мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Биыл 6 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жан басына қаржыландыруға ие болған білім беру мекемелерімен: мектеп жиhазы, жаңа модификациядағы екі кабинет және оқу жабдығы сатып алынды, - деді Григорий Акулов.

Өзгелердің жаңалығы