ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттікке сілтеме жасап.
Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу сылтауымен 1,8 млрд теңге қаражатын жымқырған.
Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды. Нәтижесінде құрылыс нысаны ұзақ құрылысқа айналды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.
Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағантықтан заң талаптарын бұзған.
Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.
Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды. ҚМА азаматтарды үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын, ресурстарын және материалдық-техникалық базасын тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ компанияларға ақша қаражатын салмауға шақырады, - делінген хабарламада.
Егер экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм-ботына хабарласуға болады.