ШҚО прокуратурасы алимент бойынша 457 млн теңгеден астам берешекті өндіріп алды

9 Қаңтар 2024, 18:44
411
Бөлісу:
ШҚО прокуратурасы алимент бойынша 457 млн теңгеден астам берешекті өндіріп алды
Фото: BAQ.KZ - архив

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және алимент бойынша берешек сомасын азайту мақсатында түсіндіру және шектеу шараларын қабылдап, жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс пен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде 2023 жылы 457 млн теңге көлемінде қарызды өндіріп алуға мүмкіндік туды.

Кәсіпкерлермен келісім бойынша 18 бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде жұмыстары болмауына байланысты алимент төлемеген 119 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Алиментті қасақана төлемейтіндерге қатаң шаралар қолданылуда.

Атап айтқанда, алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы 73-і өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

54 борышкердің көлік құралдарын басқару құқығы уақытша шектелді, 208 борышкердің шетелге шығуына уақытша шектеу қойылды.

Бұл шаралар 238 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, көптеген борышкерлер балаларын асырау үшін өз еркімен қаражат төлей бастады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы