ШҚО Полиция бастығының орынбасары қайтыс болды

25 Сәуір 2024, 10:14
516
Бөлісу:
ШҚО Полиция бастығының орынбасары қайтыс болды
Фото: instagram.com/medettasirkhan

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі растады. 

Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты, - делінген ведомство хабарламасында.

Бердімұратов соңғы рет ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. 

Әлеуметтік желідегі ақпарға сүйенсек, полиция полковнигі небәрі 43 жаста болған.

Өзгелердің жаңалығы