ШҚО полицейлері заңсыз ауланған 130 келі балықты тәркіледі

29 Қаңтар 2024, 17:27
337
Бөлісу:
ШҚО полицейлері заңсыз ауланған 130 келі балықты тәркіледі
Фото: polisia.kz

Тарбағатай ауданының тұрғыны балықты заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер балықты заңсыз аулаумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстаған. 

Оқиға орнында тәртіп сақшылары 130 келіге жуық көксерке мен қарақұйрықты, сондай-ақ 15-тен астам моноталшықты торларын тауып, тәркілеген. 

Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы