ШҚО-ның шалғай аудандарында мемлекеттік қызметтер жедел көрсетіледі

8 Ақпан 2022, 15:53
1382
Бөлісу:
ШҚО-ның шалғай аудандарында мемлекеттік қызметтер жедел көрсетіледі

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдің шалғай аудандарында жаңа туған баланы тіркеу қызметі үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

Бұл жайында баланың тууын тіркеу туралы тікелей эфирде ақпарат берген Аягөз ауданының Мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Шынар Сұлтан айтты. Бөлім өкілінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі талаптарына сай, азаматтар туған нәрестені 1414 нөміріне СМС-хабарлама жолдап, я болмаса ЭЦҚ кілт арқылы «eGov.kz» порталында өтініш бере отырып тіркеулеріне болады. 

Жаңа туған нәрестені тіркеуге өтініш беру кезінде оның тегін дұрыс орналастырып жазуы керек. Мысалыға айтсақ, кей азаматтар баланың атын бірінші жазып, тегін екінші жолға жазады. Бұлай етуге болмайды. Сондай-ақ «тегі» деген жұрнақты аты-жөнінің соңына қосып жатады. Бұлай етуге де болмайды. Өйткені, жоғарыда аталған кодекстің 199-бабына сай, жеке адамдардың тегіне тегі, әулеті, немересі, шөбересі, келіні деген жұрнақтар жалғаспайды. Ұлты қазақ азаматтардың сұраныстарына орай ұлы, қызы деген жұрнақтарды тегіне қосып жазамыз, - дейді Шынар Сұлтан.

Бұдан бөлек, Кодекс талаптарына сәйкес, жаңа туған нәресте бірден әкесінің атына жазылуы керек. Егер, бала әке-шешесі ажырасып кеткен соң 280 күнге дейін дүниеге келсе, оған әкесінің аты автоматты түрде беріледі. Ал, бала 280 күннен асып кеткеннен кейін туса, тегі анасының тегі беріледі. Мұндай кезде баланың әке-шешесі Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөліміне келіп, әкелікті анықтауға байланысты өтініш жазулары қажет.

Қазіргі уақытта бірқатар жас отбасылар туған балаларының тегіне арғы аталарының есімдерін беруді қалайды. Алайда, біз жаңа туған нәрестеге арғы атасының атын бере алмаймыз. Өйткені, оның есімі еш құжаттарда көрсетілмеген болып шығады. Адамдар арғы аталарының аттарын балаларына берулері үшін алдымен өздерінің тектерін арғы аталарының аттарына өзгертулері қажет, – дейді Шынар Сұлтан. 

Жауапты тұлғаның хабарлауынша, баланың тууын тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер азаматтарға үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін көрінеді. Сонымен қатар, осындай тіркеу кезінде бұрынғыдай Сонымен қатар, бұрынғыдай тууды тіркейтін медициналық анықтаманы да тапсырудың қажеті жоқ. Өйткені, бар ақпарат ортақ базаға бірден түсіп тұрады. 2020 жылдан бері аталмыш талаптың алынып тасталуына орай, ел азаматтары баласына туу туралы куәлікті алуда өздерінің жеке куәліктерін алып келсе болғаны.

Өзгелердің жаңалығы