ШҚО-ның полицейлері браконьерлерден екі тоннадан артық балық тәркіледі

3 Маусым 2022, 12:31
1024
Бөлісу:
ШҚО-ның полицейлері браконьерлерден екі тоннадан артық балық тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ШҚО-ның полицейлері браконьерлерден екі тоннадан артық балық тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында су биологиялық ресурстарының  заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған “Нерест-2022” жедел алдын алу іс-шарасы  өткізілді. 

Шара барысында тәртіп сақшылары табиғатты қорғауға арналған 340 рейдтік шаралар жүргізді. 9 қылмыстық іс, оның ішінде 8-і заңсыз балық аулау және бір факті сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктермен заңсыз айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Балық ресурстарын қорғау саласындағы табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 287 адам жалпы сомасы 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жалпы “Нерест-2022” іс-шарасының барысында полицейлер құқық бұзушылардан екі мың келіден астам заңсыз ауланған балық, 32 қылмыс құралы, оның ішінде 3,3 мың мерт тор және үш жүзу құрылғысы тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады. 

Мәселен, 19 мамырда “Нерест-2022” жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткен рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полиция бөлімі мен ШҚО ПД ЖПҚБ іздеу тобының қызметкерлері жыл бойына тыйым салынған аумақтардың бірінің жағалауында Бұқтырма су қоймасының учаскесінде Қырым қайықпен браконьерлікпен айналысып жүрген Күршім ауданының 52 жастағы тұрғынын ұстады.

Браконьерден түрлі тұқымды балық салынған бес қап тәркіленді. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 154 келі, келтірілген шығын 9 млн теңгеден астам. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оған келуге міндеттеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы