ШҚО-ның екі ауданында үй аулаларын су басты

13 Наурыз 2024, 11:41
250
Бөлісу:
ШҚО-ның екі ауданында үй аулаларын су басты
VIDEO
Фото: скриншот

ШҚО-да үй маңындағы аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 наурызда Ұлан ауданында, Герасимовка ауылында қардың еруі нәтижесінде екі аула аумағында су жиналды. ТЖД мен ЖАО бірлескен күштерімен инертті материалдары бар қапшықтар төселді, мотопомпалардың көмегімен суды сору жұмыстары жүргізілді. Оған 30 жуық адам жұмылдырылып, 2 мотопомпа қолданылды. 

Азаматтарға өз үйлеріңіздің аумағын қардан тазартуды, арықтар мен су арналарын тазалауды және оларды бітелмеуін қадағалауды, үй аумағын судан қорғау үшін үйдің маңында материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындауды ұсынамыз, - деп ескертті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы