ШҚО-ның бірқатар ауданында оқушылар сабақты қашықтан оқиды

3 Ақпан 2022, 13:13
1546
Бөлісу:
ШҚО-ның бірқатар ауданында оқушылар сабақты қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ауа температураның төмендеуіне байланысты кейбір аудандарда сыныптар қашықтықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Атап айтқанда, Бесқарағай ауданында ауа температурасының төмендеуіне байланысты Канонерка орта мектебінің – 0-11 сыныптары, Семияр, Семеновка, Қоянбай, Жыланды, Беген, Мало-Владимировка орта мектептерінің – 1-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті. 

Ал Алтай ауданында ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендегендіктен 0-9 сыныптарға сабақтар тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы