ШҚО мектептерінің 70%-ы онлайн форматқа көшті

17 Қаңтар 2022, 20:07
1557
Бөлісу:
ШҚО мектептерінің 70%-ы онлайн форматқа көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары мен кәсіпорын жұмысшыларының 70%-ы онлайн форматқа ауыстырылды.

Өңірде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаңа шектеу шаралары күшіне енді. Бұл туралы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин мәлім етті. 

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымының 70 пайызы қашықтан жұмыс істейтін болады. Адамдардың бір-бірімен байланысын шектеу және ғимараттардағы тығыздықты азайту инфекцияның таралу қаупін төмендетеді деп күтілуде. Себебі ауру адам көп шоғырланатын, нашар желдетілетін жерлерде тез тарайды, - деді ол. 

Сондай-ақ мектептерде 9,11 сыныптардан бөлек барлық оқушылар онлайн оқыту форматына көшкен.

 Егер бір бала коронавирус жұқтырса, сынып түгелдей 14 күн үй карантиніне оқшауланады. Колледждер мен ЖОО студенттері үшін аралас оқыту форматы бекітілген. Барлық дәрістер онлайн жүргізілсе, тәжірибе, зертхана, семинар сабақтары штаттық режимде өтеді, - деп түсіндірді Ғалымбек Алин.

Өзгелердің жаңалығы