ШҚО мектептеріне 11 жаңа автобус берілді

12 Ақпан 2024, 20:51
410
Бөлісу:
ШҚО мектептеріне 11 жаңа автобус берілді
Фото: BAQ.KZ -архив

Өскемендегі үш мектепке, ал Риддер, Серебрянск қалалары мен Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Глубокое, Алтай аудандарына бір-бірден жаңа автобус сатып алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Ал Ұлан ауданында екі мектептің автопаркі жаңартылды.

Жаңа автобустар барлық қажетті техникалық талаптарға сай. Балаларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған және "Балалар", "Мектеп автобусы" деген жазулары, жарық шағылыстыратын ленталары бар, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Айта кетейік, көлік құралдары ерекше қажеттіліктері бар балаларға да бейімделген: автобустарда арнайы пандусы мен жүргізушіні шақыру түймесі бар.

Өзгелердің жаңалығы