ШҚО-дағы Үлкен Нарын ауданында су басқан 21 үйдің ауласы судан тазалануда

30 Наурыз 2024, 06:50
397
Бөлісу:
ШҚО-дағы Үлкен Нарын ауданында су басқан 21 үйдің ауласы судан тазалануда
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында 21 жер үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлкен Нарын ауданында жауын және еріген қар суының салдарынан 21 жер үйдің ауласын су басқан. Қазірде ауылдарда жергілікті атқарушы орган, ТЖД, әскери бөлім қызметкерлерін қосқанда жалпы саны 92 адам және 16 техника жұмыс істеуде. Су алған учаскелерден мотопомпалар арқылы су шығарылып, бөгеттер жасалды.

Жұмыстар тәулік бойы жүргізілетін болады. Жаңа Хайрузовка, Көкбастау, Жұлдыз ауылдарына еріген қар суын үйлерге жеткізбей, арнасы қауіпсіз жерге бұрылды. Жағдай толықтай бақылауда, - деді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.

Оның айтуынша, ауылдарда арықтарды тазалау және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Халықты уақытша орналастыру үшін 190 орын әзірленді. Жиналған суды шығару мақсатында арықтың іші кеңейтілуде, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы