ШҚО-дағы өртті сөндіруге 5 тікұшақ жұмылдырылды

5 Шілде 2023, 10:27
699
Бөлісу:
ШҚО-дағы өртті сөндіруге 5 тікұшақ жұмылдырылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Шығыс Қазақстанда табиғи өртті сөндіру жалғасып жатыр, жедел шаралар қабылдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 га алаңда құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылды, 72 рет су төгілді.

Орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы