ШҚО-дағы өрт. Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр

9 Қыркүйек 2022, 09:42
1741
Бөлісу:
ШҚО-дағы өрт. Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр

 ШҚО-дағы Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы және Глубокое ауданының Каменный карьер кентіндегі өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдегі өрт жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінгі күні Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы және Глубокое ауданының Каменный карьер кентіндегі өрт толығымен өшірілді. Катонқарағай ауданының Қаратал ауылында да өрт ауыздықталды, деп жазды өңір басшысы Даниал Ахметов. 

Зардап шеккендер мен елді мекендерге төнген қауіп жоқ. 

ШҚО-дағы өрт. Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр

Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып жатыр. Қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, 2 тікұшақ және 34 техника жұмылдырылды. Мұнда жұмыс тәулік бойы күндіз де, түнде де жүргізіліп отыр. Өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды. Алтай ауданында 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, 150 тоннадан астам су құйылды, - деді ол.

ШҚО-дағы өрт. Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр

Оның айтуынша, отпен күреске барлық күш бағытталып отыр. 

Өрттің таралуына жол берілмей, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары барынша жүріп жатыр. Мен Төтенше жағдай министрімен келіссөздер жүргіздім, облысқа жету қиын таулы жерлерде өртті сөндіру үшін тағы 2 тікұшақ келеді. Бүгінгі күні өртті жоюға барлығы 1167 адам, 123 техника, 5 МИ-8 тікұшағы, 2 МИ-2 тікұшағы, 1 Еврокоптер, 4 отын құюшы жұмылдырылды. Жағдай толығымен бақылауда. Жергілікті жерлерде орман басқармасының, ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарының техникасы да жұмылдырылды, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы