ШҚО-да жыл соңына дейін үш мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

24 Қараша 2022, 12:30
713
Бөлісу:
ШҚО-да жыл соңына дейін үш мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдік отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл көрсеткішті келесі 2023 жылы сегіз мыңға дейін арттыру жоспарланып отырған көрінеді.

Осы жылдың соңына дейін біз 317 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз, бұл үш мыңға жуық пәтер. Сондай-ақ облысымызда жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан коммерциялық тұрғын үйге сұраныс бар. Қазір 64 үйге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыс орталығындағы 22-ші шағын ауданында құрылыс үшін жер учаскелері ресімделуде, - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 126 үй салынуда. Ал ауылдарда көпбалалы отбасылар үшін тағы 58 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы