ШҚО-да жолды дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды тұлға жазаланды

13 Тамыз 2022, 22:55
856
Бөлісу:
ШҚО-да жолды дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды тұлға жазаланды

ШҚО-да жолды дұрыс күтіп ұстамаған 15 лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды тексеруді тұрақты негізде жүргізеді.

Айлық аясында көшелер мен автомобиль жолдарына 400-ден астам қосымша тексеру жүргізілді, 23 авариялық-қауіпті учаске есепке алынды.

Орын алған кемшіліктерді жою бойынша 350 нұсқама беріліп, жол-коммуналдық органдардың 15 лауазымды тұлғасы жолдарды қауіпсіз жағдайда ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, жөндеу және реконструкциялау орындарында қосымша 130-дан астам ескерту белгілері орнатылды. Сондай-ақ жол белгілерін жаңарту және жүріс бөлігі жабынының ақауларын жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы