ШҚО-да жол апатынан 4 адам көз жұмды

5 Қазан 2022, 05:47
854
Бөлісу:
ШҚО-да жол апатынан 4 адам көз жұмды

ШҚО-да 30 қыркүйек күні сағат 20.20 шамасында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үлкен – Нарын – Күрші автожолымен кетіп бара жатқан 27 жастағы Toyota 4Runner жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, кюветке ұшып кеткен.

Жол апаты салдарынан 1963, 1969, 1979 және 1992 жылдары туған 4 бірдей жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Ал, жүргізуші бірнеше дене жарақатын алып, ауруанаға түскен.

Аталмыш факты бойынша ҚР ҚК «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы