ШҚО-да жоғалып кеткен бала табылды

25 Шілде 2022, 13:12
1526
Бөлісу:
ШҚО-да жоғалып кеткен бала табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлан ауданындағы Таврия ауылында жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлады Алтайньюс.

Криминалдық полиция қызметкері Айдар Дүйсенбаев үш жастағы Әділхан Сейсембайды ауылдан үш шақырым қашықтағы алқаптан тапты.

Бала аман-есен, қазір ата-анасымен бірге.

Бұған дейін  балақайды полиция қызметкерлері мен еріктілер түні бойы іздегенінін хабарлаған едік. 

Өзгелердің жаңалығы