ШҚО-да 3 жасар бала жоғалып кетті

25 Шілде 2022, 10:53
2067
Бөлісу:
ШҚО-да 3 жасар бала жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кеше кешке Ұлан ауданында Таврия ауылындағы Интернациональный көшесінде болған, деп хабарлады Алтайньюс.

Бала сағат 19.00 шамасында үйден шығып кеткен. Полицияға баланың әкесі хабар берді. Іздеу түні бойы жалғасты, бірақ әлі күнге дейін дерек жоқ.

Қазір ауқымды іздеу операциясы жүргізіліп жатыр. Ауыл аумағы 16 секторға бөлінген, олардың әрқайсысы мұқият қаралады. Барлығы 621 адам іздеуге атсалысып жатыр (полиция, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, атты полиция, әкімдік, ТЖД қызметкерлері, еріктілер). Мамандар, сондай-ақ, квадрокоптермен және тікұшақпен тексеру жүргізді.

Баланың ерекше белгілері: бойы 90-100 см, арықша келген, шашы қара, көздері қоңыр. Үйден жасыл футболка, жасыл шорт, қара көк кроссовка және көк қалпақ киіп шыққан. Көрген-білген жандардың «102»-ге хабарласуын сұраймыз, - делінген ақпаратта.

 

Өзгелердің жаңалығы