ШҚО-да жоғалған баланы тапқан полицейді марапаттады

15 Тамыз 2022, 20:43
586
Бөлісу:
ШҚО-да жоғалған баланы тапқан полицейді марапаттады
VIDEO
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. 

Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды.

Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы