ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр

15 Тамыз 2022, 10:15
901
Бөлісу:
ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Polisia NEWS

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала түні бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының Согра кентінде 12 жасар жасөспірім іздестіріліп жатыр. Бала 2:30-да үйден кетіп қалған.

Баланы квадрокоптердің көмегімен де іздеп жатыр.

Жоғалған баланы 500-ден астам адам іздеп жатыр. Оның ішінде 350 полиция қызметкері,  Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі, құтқарушылар мен еріктілер.

Олар тұрғын үйлердің аулалары, шаруашылық құрылыстарды да қарап жатыр. Қызметтік-іздестіру иттерді де пайдаланып жатыр.

Бала аутизммен ауырады және сөйлемейді.

Қазір сол жерде жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Онда немқұрайлы емес азаматтар қажетті ақпаратты алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы