ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты

21 Тамыз 2022, 17:03
1043
Бөлісу:
ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты. Апат салдарынан 3 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қыземетінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні «Өскемен-Алтай» тасжолында болған.

Тойота автокөлігі мен КамАЗ соқтығысты.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Екі адамды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Ал жеңіл автокөліктің 1976 жылы туған жүргізушісіне Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген, – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, ер адамға мойын жарақаты диагнозы қойылды.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы