ШҚО-да жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды

23 Мамыр 2024, 21:12
282
Бөлісу:
ШҚО-да жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысын Зайсан қаласында Ю.Гагарин атындағы мектепте алғашқы кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін бесінші сынып оқушылары кадеттер қатарына қабылданды, олар “Жас сақшы” деп аталатын жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Мұндай сыныпты құрудың мақсаты - балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесу болды. 

Іс-шараға Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалимқызы, ШҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев, Зайсан ауданы полиция бөлімінің бастығы Дидар Қамзин, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты. Кадеттер үшін полицейлердің үлгісі бойынша нысанды киім әзірленіп, тігілгенін атап өткен жөн. Сынып бөлмесі арнайы стендтермен және жабдықтармен жабдықталған. 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының келісімі бойынша оқу бағдарламасына құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери дайындық және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша полиция қызметкерлерін қоса алғанда, мамандардың қатысуымен өткізілетін қосымша сабақтар енгізілді. Бұл Зайсан ауданындағы алғашқы кадет сыныбы. 

Өзгелердің жаңалығы