ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

28 Қараша 2023, 21:45
433
Бөлісу:
ШҚО-да заңсыз балық аулағандар ұсталды

Заңсыз балық аулаған Тарбағатай ауданының тұрғыны ұсталды. Ер адамнан 80 келі балық тәркіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап. 

Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер заңсыз балық аулаумен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстаған.

Табиғатқа келтірілген залал – 500 мың теңгеден асты.

Оның ішінде көксерке – 53 келі, шортан – 22 келі, қарақұйрық – 5 келі, сондай-ақ одан қайық пен мотор бар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы