ШҚО-да ҰҚТ қатысушысынан травматикалық тапанша мен граната тәркіленді

10 Ақпан 2022, 20:47
1412
Бөлісу:
ШҚО-да ҰҚТ қатысушысынан травматикалық тапанша мен граната тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ҰҚТ қатысушысынан травматикалық тапанша мен граната тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп“ республикалық ЖПІШ өткізу аясында заңсыз айналымнан атыс қаруын алу бойынша іс-шаралар қабылдауда. Өңірде алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері құқық қорғау органдарымен 30-дан астам түрлі қару тәркіленді. Олардың ішінде төрт мылтық, жеті ойық винтовка, екі тапанша, оның ішінде қолдан жасалған револьвер, 22 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ РГД-5 әскери гранатасы бар.

Бұл заңсыз айналымда болған арсеналдың барлығы кез келген уақытта заңсыз әрекеттер жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін еді. 

Тегіс ұңғылы қарудан жасалған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Травматикалық және ойық қаруды заңсыз сақтаған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың бірі – ҰҚТ қатысушысы, одан травматикалық тапанша мен жауынгерлік граната тәркіленді. Соттың санкциясымен ол қамауға алынып, қазіргі уақытта қамауға алында, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Өзгелердің жаңалығы