ШҚО-да төртінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

6 Желтоқсан 2023, 20:35
548
Бөлісу:
ШҚО-да төртінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға Өскемен қаласының Сәтпаев көшесінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Үйдің төртінші қабатында жүріп абайсызда аяғы тайып кеткен ер адам бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. 

Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының құтқарушылары 1989 жылы туған азаматты автосатының көмегімен түсіріп алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Белгілі болғандай, ер адам төртінші қабатта бір нәрсені жөндемекші болып жүргенде құлап кеткен екен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.  

Өзгелердің жаңалығы