ШҚО-да төрт мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды

3 Сәуір 2023, 21:15
984
Бөлісу:
ШҚО-да төрт мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды
Фото: altaynews.kz

Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы өңір бойынша 1025 адам жүргізуші куәлігінен айырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал мамандандырылған айып тұрағына 3523 көлік қойылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп,

Тәртіп сақшылары «Сергек» апараты тәртіп бұзушыларды анықтауды айтарлықтай жеңілдеткенін айтады.

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені «Қорғау» бағдарламасы арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтайды. Мәселен, Өскемен қаласының аумағында 254 көлік ұсталды. 3412 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркеліп, 65 миллион теңгеге айыппұл салынды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы