ШҚО-да су тасу қаупі жоқ – ТЖД

9 Сәуір 2024, 15:01
434
Бөлісу:
ШҚО-да су тасу қаупі жоқ – ТЖД
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ОКҚ-да өткен брифингте ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында қазіргі таңда су тасқыны қаупі жоқ. Дегенмен су тасқыны тәуекелдері әркез болады. Облыс таулы аймақтарда орналасқандықтан қазір жаңбыр жауып тұр. Кей жерлерде су деңгейі көтеріліп тұр. Дегенмен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық жұмысты күзден бастап жоспарлап, 100 пайызға аяқтадық деп отырмыз, - деді ол.

Сонымен қатар әкімдік әуеден және жерден күнделікті бақылау жүргізіп жатыр.

Өзендерде қатқан мұздар жарып, қауіпті сейілтіп жатырмыз. Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңі басталғалы бері облыста ешқандай су тасқыны болған жоқ. Дегенмен бір-екі жерде су көтерілгенін ескерсек, 1 наурыздан бері 3 үйге су кірген. Қазір ол жақта қауіп жоқ, - деді Ерғали Бахаев брифингте.

Оның сөзінше, құтқарушылар мен басқа да қызметкерлер міндеттерін атқарып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы