ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді

7 Сәуір 2024, 17:50
289
Бөлісу:
ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді
Фото: видеодан кадр

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыста жалпы ұзындығы 135 км болатын 72 канал, ұзындығы 376 км құрайтын 448 арық, жолдағы 1735, темір жолда 90 су өткізетін құбыр, 277 көпір тазартылды.

369 мың текше метр қар шығарылды. Өңірдегі су қоймаларына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Алтай ауданында алдын алу жұмыстары жалғасуда, көмекке келген ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы