ШҚО-да сирена іске қосылады

7 Ақпан 2024, 19:12
366
Бөлісу:
ШҚО-да сирена іске қосылады
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылардың республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Соған орай 8 ақпанда сағат 12:55-те радио мен телеарналар арқылы электр сиреналары және сөйлеу құрылғылары іске қосылады.

Сирена қосылған кезде сіз жұмыста, қоғамдық жерде немесе көшеде болсаңыз, ұялы телефон арқылы радио қосыңыз. Сигналды үйде естісеңіз, цифрлық эфирлік телехабар тарататын теледидарды қосып, қандай әрекет жасайтыныңыз туралы ақпаратты мұқият тыңдауыңыз керек. Бұл ақпарат «Дәрмен» мобильді қосымшасы мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшасында да жарияланады, - делінген ақпаратта.

Сирена ескерту белгісі екенін балаларға да түсіндірген жөн. Құтқарушылар дүрбелең мен қауесет сөзден аулақ болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы