ШҚО-да шошқа тұмауы тіркелді

1 Ақпан 2023, 11:18
967
Бөлісу:
ШҚО-да шошқа тұмауы тіркелді

Науқастар жөніндегі статистика облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, өңірде жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау жұқтырғандар көбейіп жатыр. Бұл туралы Altaynews жазды.

2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін ЖРВИ 111 020 тұрғынан анықталған. Науқастардың көпшілігі 14 жасқа толмаған балалар екенін айтуымыз керек.

«Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 2 380 науқас тұмауға қарсы тексеруден өтті және диагноз 85 адамда расталды. Соның ішінде 72 науқас В типті тұмау вирусын, 13 науқас шошқа тұмауының А вирусын (H1N1) жұқтырған», - деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Тұмау жұқтырғандардың  үштен бірі 14 жасқа толмаған балалар.

 

Өзгелердің жаңалығы