ШҚО-да сел мен көшкін қаупін сейілтетін мамандар марапатталды

28 Желтоқсан 2023, 15:14
417
Бөлісу:
ШҚО-да сел мен көшкін қаупін сейілтетін мамандар марапатталды

Биыл «Қазселденқорғау» мекемесінің құрылғанына 50 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

Осыған орай сел мен көшкін қаупінің алдын алудағы елеулі еңбегі үшін сейсмологтарға, география институтының және әуе бөлімшелерінің қызметкерлеріне мерейтойлық төсбелгі табыс етілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерғали Бахаев та осындай марапатқа ие болды.

Бүгінде «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының мамандары ШҚО ТЖД құтқарушыларымен тығыз қарым-қатынаста. Қыс мезгілінде қар көшкінінің, жаз мезгілінде сел қаупінің алдын алу үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі, арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жобалар жасалады, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы