ШҚО-да қылқан жапырақтыларды қорғау күшейтілді

ШҚО-да қылқан жапырақтыларды қорғау күшейтілді
444

Шығыс Қазақстан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаларды қорғау күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен демалыс күндері Риддер қаласы мен Таулы Үлбі елді мекенінде рейд жүргізілді. Бұл туралы Altaynews.kz жазды.

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жалпыға ортақ жолдарды, күзетілетін аумақтарды «сүзіп» шықты. Бұдан бөлек көліктерді тоқтатып тексеретін үш бекет жұмыс істеп тұр», – деп мәлімдеді қорық қызметкерлері.

Рейд енді «Риддер орман шаруашылығы» КММ мен «Өскемен орман шаруашылығы» КММ аумағында жалғасады.

Мамандар заңсыз ағаш кескендер айыппұл арқалайтынын ескертеді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы