ШҚО-да қар құрсауында қалғандар құтқарылды

7 Ақпан 2022, 14:10
1001
Бөлісу:
ШҚО-да қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауында қалғандарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл оқиға Тарбағатай ауданында болған.

Үш жолаушысы бар Нива көлігі Ақсуат ауылынан 33 шақырым жерде қарға «батып» қалған. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен оқиға орнына жетіп, көлікті тартып шығарды. Жолаушылар аман-есен, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы