ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктер құтқарылды

15 Ақпан 2024, 10:45
300
Бөлісу:
ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктер құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО-да қалың қар мен бұрқасын жел салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД құтқарушылары жолда қалған тұрғындарға көмекке келіп жатыр. "Өскемен-Алматы" тас жолында 3 көлік қар құрсауында қалған.

Облыс орталығына арнайы көлікпен 13 жолаушы эвакуцияланды. Оның ішінде 2 қарт адам, 1 жүкті әйел мен 1 бала бар. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ШҚО ТЖД-да жедел штаб ашылды, онда азаматтар үшін 87232-55-38-19 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ескерту жасалған күндері жолға шықпау керектігін ескертеді.

Ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған күндері алыс жолға шығуға болмайды, - дейді құтқарушылар.

Өзгелердің жаңалығы