ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
5 Қаңтар, 18:16 168

ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Төтенше жағдай қызметкерлері қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ШҚО Ұлан ауданында «Mazda» шағын автобусы қар құрсауында қалып қойған. Көлік ішінде 7 адам болған. Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен жедел келіп, автожолдың тазартылған учаскесіне шағын автобусты сүйреп апарды. «Mazda» жүргізушісі мен жолаушылары медициналық көмекке мұқтаж емес еді - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, облыста 4 және 5 қаңтарда бұрқасын болуына байланысты ескерту жарияланды.

Дауылды алдын ала ескерту туралы хабарламаларды ескеріп, мүмкіндік болса, ұзақ сапарлардан бас тартқан дұрыс. Жолға шығу қажет болған жағдайда мұқият дайындалыңыз. Шыны тазалауға арналған құрал, күрек, қырғышты алыңыз. жанармай қоры, шамдар, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, шам, азық-түлік қоры, ыстық шай термосы, ашық түсті мата болсын.

Жолға шығар алдында ауа райы болжамын және жол жағдайын нақтылаңыз, «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеу алуға кеңес береміз. Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса – «112» қоңырау шалыңыз - дейді ТЖМ мамандары.


Фото: дереккөз
Загрузка...