ШҚО-да қар көшкініне қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

25 Ақпан 2022, 19:10
1088
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкініне қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да қар көшкініне қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады altaynews.kz.

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары қар көшкініне жол бермеу мақсатында "Өскемен - Самар"автожолында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Көлемі 2750 текше метр жиналған қар 4 учаскеден алынды.

"Біздің бақылаушы-мамандар күн сайын көшкін жағдайына мониторинг жүргізеді.  Қар өлшеу рельстерінде олар қардың мөлшерін және оны алып тастау қажеттілігін анықтайды. Күн жынып жатыр, сондықтан азаматтарымызға дауылды ескертулерге құлақ асуды және егер көшкін қаупі жарияланса, тауға барудан бас тартуды ескертеміз, - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Айта кетейік, қыс айларынан бері облыста жалпы көлемі 39760 текше метр болатын 50 рет қар түсірілді.

Өзгелердің жаңалығы